«Арилан» ЖШС — зарядтау станциялары инфрақұрылымы нарығындағы ең капиталдандырылған ойыншы. Біз тек зарядтау станцияларын орнатумен шектелмейміз, олардың толыққанды әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін инфрақұрылым жасаймыз. Біздің станциялар клиенттермен iOS және Android-қа арналған өз қосымшамыз арқылы өзара әрекеттеседі.
Компания Қытайдағы станция өндірушілермен тікелей ынтымақтасады. Барлық станциялар Қазақстан Республикасының климатына сәйкес жобаланып, жиналған және жылдың кез келген мезгілінде ең экстремалды температурада жұмыс істей алады. Біздің станциялар қытайлық және еуропалық электромобильдерді зарядтауға арналған (CC2 + GB/T стандарттары).
Жоғары білікті инженерлер мен электриктерден құралған өз командамыз тәулік бойы үздіксіз клиенттік сервисті қамтамасыз етеді.
Лицензиялау
Компания өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық мемлекеттік лицензияларға ие.