Осы жария оферта әрекет қабілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгісіз шеңберіне (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арналған және «Арилан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Орындаушы) атынан Жарғы негізінде әрекет ететін бас директоры Тульчинский Назым Леонидович арқылы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес офертада көрсетілген шарттарда электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шартын (бұдан әрі — Шарт) жасасу туралы ресми ұсынысы болып табылады.
Орындаушы Шарттың шарттарын кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгертуге немесе оны кері қайтарып алуға құқылы. Орындаушы Шарттың шарттарын өзгерткен жағдайда өзгерістер өзгертілген оферта шарттары https://www.arilan.kz/publicoffer Сайтында және Arilan Energy Қосымшасында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді, егер Орындаушы мұндай орналастыру кезінде өзге мерзімді көрсетпесе.
Орындаушының Шарт жасасу туралы ұсынысын толық және сөзсіз қабылдау сәті (яғни офертаны акцепттеу) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 396-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Тапсырыс берушінің осы Офертаның 2-бөлімінде көрсетілген шарттарды орындауы болып есептеледі.
Осы жария оферта электр көлігін зарядтау станцияларында электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсетудің барлық елеулі шарттарын қамтиды.
«Электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шарты» – Тапсырыс берушіден Акцепт алған сәтте Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында жасалатын шарт.
«Тапсырыс беруші» — Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға, қазақстандық және шетелдік заңды тұлға, жеке кәсіпкер, олардың өкілі, электр қозғалтқыштарымен жабдықталған көлік құралдарының аккумуляторлық батареяларын электр энергиясымен зарядтау қызметтерін алу мақсатында Орындаушыға жүгінетін тұлға.
«ЭЗС» (электр-зарядтау станциясы) — Тапсырыс берушілерге зарядтау қызметтері көрсетілетін электр көлігіне арналған зарядтау станциясы.
ЭЗС тізбесі Arilan Energy мобильді қосымшасында көрсетіледі.
1. Мәні және жалпы ережелер
1.1. Осы шарттың мәні — Орындаушының Тапсырыс берушіге электр қозғалтқышымен жабдықталған көлік құралының (бұдан әрі – электрмобиль) аккумуляторлық батареяларын электр энергиясымен зарядтау бойынша қызмет көрсетуі.
1.2. Осы шартта баяндалған шарттарды қабылдаған жағдайда (акцепт) толық әрекет қабілеттілігіне ие кез келген жеке тұлға, сондай-ақ шарт жасасуға құқығы бар заңды тұлғаның кез келген уәкілетті өкілі Офертаны акцепттеу арқылы Тапсырыс беруші болады және Қызмет көрсету шарты осы Келісімнің шарттарында жасалған болып есептеледі.
1.3. Акцепт 2.1.1–2.1.2-тармақтарда көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап қабылданған болып есептеледі және Тапсырыс беруші өз әрекеттерінің мәнін түсінетінін, Шарттың барлық шарттары оған түсінікті екенін куәландырады. Осы Офертаны акцепттейтін Тапсырыс беруші осы Офертаны тұтастай және ескертпесіз қабылдайды.
2. Офертаны акцепттеу
2.1. Осы Офертаның шарттарына сәйкес Акцепт деп Тапсырыс берушінің мынадай әрекеттерді жасауы есептеледі:
2.1.1. Тапсырыс берушінің Google Play және AppStore электрондық дүкендерінде орналастырылған Arilan Energy қосымшасында тіркелуі.
2.1.2. Электрмобильді Arilan Energy қосымшасында қолжетімді және Тапсырыс беруші таңдаған ЭЗС-қа Arilan Energy мобильді қосымшасында орналастырылған нұсқаулықтарға сәйкес кабельді разъемға қосу арқылы қосу.
3. Зарядтау қызметтерін көрсету
3.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Arilan Energy мобильді қосымшасында қолжетімді ЭЗС-та электр көлігін зарядтау бойынша қызметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3.2. Қызметті алу үшін Тапсырыс берушіге қажет:
- Arilan Energy мобильді қосымшасын орнату;
- Arilan Energy мобильді Қосымшасында тіркелу;
- Arilan Energy мобильді қосымшасында қолжетімді ЭЗС-ты таңдау;
- тиісті ЭЗС-та зарядтау қызметін алу бойынша Arilan Energy мобильді қосымшасының нұсқаулықтарын орындау.
3.3. Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында зарядтау қызметін алудан бас тарту мынадай себептерден туындаса, жауап бермейді:
- Тапсырыс берушінің осы Оферта шарттарын сақтамауы;
- Arilan Energy қосымшасы жұмысы кезіндегі вирустар;
- байланыс арналарының үзілуі және магистральдық байланыс арналары, деректер алмасу орталықтары, есептеу орталықтары деңгейінде, сондай-ақ өңірлік және жергілікті маңызы бар байланыс желілері деңгейінде серверлік инфрақұрылымның істен шығуы;
- ЭЗС-та қызмет алу сәтінде ЭЗС-тың өзіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету немесе жабдық жұмыс істемеуі;
- ғаламдық Интернет желісінің немесе оның жекелеген сегменттерінің жұмысындағы іркілістер мен қиындықтар, мекенжайлау жүйелерінің (DNS) бұзылуы және т.б.;
- үшінші тұлғалардың Тараптардың кез келгеніне кез келген түрдегі зиян келтіруді мақсат ететін, электрондық бағдарламалық және/немесе аппараттық құралдар немесе олардың комбинациялары арқылы жүзеге асырылған рұқсат етілмеген әрекеттері, оның ішінде байланыс арналарын, серверлік инфрақұрылымның жұмысқа қабілеттілігін бұзуға немесе шамадан тыс жүктеуге, бағдарламалық кешендерді басқаруға рұқсат етілмеген қолжетімділікке және құпия ақпаратқа қолжетімділікке бағытталған әдейі әрекеттер (бұзушылықтар, DDOS шабуылдары, зиянды бағдарламалық кодты тарату, бағдарламалық-аппараттық құралдарды істен шығару және т.б.);
3.4. Банк картасынан аккаунт балансын әрбір сәтті толықтыру операциясынан кейін Arilan Energy сервисі Тапсырыс беруші қосымшада көрсеткен электрондық поштаға чек жібереді.
3.5. Чек зарядтау қызметтері көрсетілген ЭЗС көрсеткіштері негізінде қалыптастырылады. Жасалған операция туралы чекте қызметті алу күні мен уақыты, көрсетілген қызмет көлемі және көрсетілген қызмет құны көрсетіледі.
Тапсырыс беруші ЭЗС-та зарядтау сессиясы аяқталғаннан кейін ЭЗС-тың техникалық ерекшеліктеріне байланысты зарядтау кабелінің ысырмасы (немесе ЭЗС-тағы құлыптау қақпағы) бұғаттан шығарылатынын және кез келген үшінші тұлға электркабельді электрмобильден шығарып алуы мүмкін екенін түсінеді және келіседі. Тапсырыс беруші кабельді машинадан және/немесе ЭЗС-тан жеке өзі ажырату үшін зарядтаудың аяқталу уақытын шамамен білуі тиіс. Орындаушы Тапсырыс берушінің осы тармақ ережесін сақтамауы салдарынан туындаған ықтимал қолайсыз салдарлар үшін жауап бермейді.
4. Қызметті сатып алу шарттары және төлем тәртібі
4.1. Тапсырыс беруші электр көлігін зарядтау қызметін ала алатын ЭЗС тізбесі ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында көрсетілген.
4.2. Қызмет үшін есеп айырысу ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында көрсетілген тәртіпте белгіленген баға бойынша жүргізіледі. Тапсырыс беруші осы Офертаны акцепттеуден бұрын көрсетілген бағалармен танысқанына және келісетініне келіседі.
4.2.1. Орындаушы Тапсырыс беруші «Arilan Alga» жазылымын сатып алған жағдайда Тапсырыс берушіге Қызметтің балама құнын ұсынуға құқылы. Бұл ретте жазылым құны қайтаруға жатпайды.
4.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге ЭЗС қызметтерін тек Тапсырыс берушінің ARILAN ENERGY қосымшасы аккаунтындағы балансында зарядтауды жүзеге асыруға жеткілікті сома болған жағдайда ғана ұсынады.
4.5. Тапсырыс беруші алынған қызмет үшін ақшалай қаражатты есептен шығаруға және осы Шарт бойынша өзге төлемдерді ARILAN ENERGY аккаунтынан акцептсіз тәртіпте жүзеге асыруға сөзсіз келісім береді.
4.6. Тапсырыс беруші ARILAN ENERGY қосымшасы аккаунтындағы балансты Орындаушының серіктес-банкі арқылы Интернет желісін пайдалана отырып электрондық нысанда төлем жасау арқылы толықтырады; бұл Халықаралық төлем жүйелерінің Ережелеріне сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау, шифрлау және деректерді жабық байланыс арналары арқылы беру қағидаттарында жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің банк картасының деректерін енгізу және өңдеу төлем қызметін ұсынатын серіктес-банктің қорғалған төлем бетінде жүзеге асырылады.
4.7. Банк картасымен төлеу ForteBank эквайринг алаңы арқылы жүреді. ARILAN ENERGY қосымшасы АО ForteBank интернет-эквайрингіне қосылған. Тапсырыс беруші қызметті Visa немесе Mastercard банк картасымен төлейді. Балансты толықтыру өрісін таңдағаннан кейін АО ForteBank төлем беті бар қорғалған терезе ашылады, онда Тапсырыс беруші өзінің банк картасының деректерін енгізуі керек. Карта ұстаушысын қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы пайдаланылады. Егер Тапсырыс беруші картасының Эмитент-Банкі осы технологияны қолдаса, Тапсырыс беруші қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне қайта бағытталады.
Онлайн-төлем қызметі Visa және MasterCard Халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады; ол үшін тексерудің, шифрлаудың және деректерді жабық байланыс арналары арқылы берудің ең өзекті әдістері қолданылады. Банк картасының деректерін енгізу АО ForteBank төлем бетіндегі қорғалған терезеде жүзеге асырылады.
Төлем бетіндегі өрістерге карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетілген. CVV2/ CVC2 — картаның артқы жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Тапсырыс беруші картасының эмитент-банкінің беті ашылады. Егер Тапсырыс берушіде статикалық 3-D Secure бапталмаған болса, ол Тапсырыс берушінің телефон нөміріне SMS арқылы жіберіледі.
3-D Secure — интернет желісінде карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушысының түпнұсқалығын бір мәнді сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялар тәуекелін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Орындаушы бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе жабдықтың техникалық қателері/іркілісі жағдайында қызмет көрсетудегі үзілістер үшін жауап бермейді.
5.2. Егер Тапсырыс берушінің қызмет алу кезіндегі әрекеттері Орындаушыға айыппұл санкцияларын қолдануға немесе Орындаушының залалдарының туындауына әкеп соқса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тапсырыс беруші тарапынан өтелуге жатады.
5.3. Тапсырыс беруші керісінше дәлелдемегенше, қызмет алу кезінде автомобильдің тұтануы және/немесе аккумуляторлық батареяға және/немесе автомобильдің кез келген электрондық немесе физикалық құрамдас бөлігіне және/немесе оның бағдарламалық қамтамасыз етуіне зиян келтіру, сондай-ақ осыған байланысты туындаған кез келген залал және/немесе кез келген тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян автомобильдің зауыттық ақауының салдары болып танылады.
5.4. Орындаушы Тапсырыс берушінің мүлкіне және үшінші тұлғаларға зиян және/немесе залал келтіру үшін, оның ішінде қызмет көрсету кезінде өмір мен денсаулыққа зиян келтіру жауапкершілігін қоса алғанда, жауап бермейді.
5.5. Ешқандай жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында жіберіп алған пайда үшін жауап бермейді.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Шарт Тапсырыс беруші оның шарттарын акцепттеген сәттен бастап және Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін күшіне енеді.
6.2. Тапсырыс беруші электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шартын жасаса отырып, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес жасалған шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Орындаушыға берілетін құжаттарда қамтылған дербес деректерді және өзге ақпаратты өңдеуге, сақтауға және өзгеше пайдалануға келісім береді.
6.3. Орындаушы осы Оферта мәтініне кез келген уақытта өзгерістер енгізуге, жаңа Офертаны орналастыруға, Офертаның қолданылуын тоқтата тұруға, Офертаны кері қайтарып алуға құқылы. Өзгерістер Сайтта және ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында орналастырылғаннан кейін күшіне енеді. Тапсырыс беруші Офертаға енгізілген өзгерістерді/толықтыруларды өз бетінше қадағалауға міндеттенеді.
6.4. Тапсырыс берушінің осы Офертаға кез келген өзгерістер/толықтырулар енгізілгеннен кейін зарядтау қызметін алу бойынша әрекеттер жасауы Тапсырыс берушінің осындай өзгерістермен/толықтырулармен сөзсіз келісетінін растау болып табылады.
6.5. Осы Офертаны орындауға байланысты даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар сотқа дейінгі (талап қою) тәртіппен шешеді. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа қарауға беріледі.
6.6. Орындаушының деректемелері:
ТОО «Арилан»
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ходжанов к-сі 41 Б
БИН: 120840016742
КБе: 17
БИК: IRTYKZKA
Номер счета: KZ7696502F0016202135 KZT
Филиал АО «ForteBank» в г. Алматы
Сайт: www.arilan.kz